Ауыр жарақаттанған Бразилия президенттігіне үміткер сайлау науқанында алда келеді
Социал-либералдық партияның атынан қатысып жатқан Болсонаруға сайлаудың бірінші турында сайлаушылардың 24% дауыс беруге ниетті. Тамыз айының соңында жүргізілген сауалнама барысында депутатты 22% бразилиялық қолдауға дайын болды. Зерттеу 10 қыркүйекте елдің 197 муниципалитетінде жүргізілді. Оған 2804 адам қатысты.
Бұл рейтингте екінші орынды Демократиялық трабальистік партиядан Сиру Гомес (13%) иеленсе, үшінші орында - Rede жасыл оппозициялық партиясының көшбасшысы Марина Силва тұр. Оған тұрғындардың 11%-ы дауыс беруге ниетті.
Еске сала кетсек, өткен бейсенбіде Болсонаруды елдің оңтүстік-шығысында Минас-Жерайс штаты Жуиз-ди-Фора қаласында сайлаушылармен кездесу кезінде пышақтаған. Шабуыл жасаушы оқиға орнында ұсталды.
Бразилияда жалпыға ортақ сайлау 7 қазанда өтеді. Сайлауалды науқаны 15 тамызда басталды.