Мәселен, зарарсыздандыратын «Корсодил» препаратын қолдану бірнеше сағат бойы қысымның көтерілуіне соқтырады. Бұл туралы 19 денсаулығы жақсы еріктінің қатысуымен өткізілген сынақта белгілі болды (олар бұл препаратты күніне екі рет пайдаланып отырған). Мамандардың айтуынша, қысымның 2 бірлікке көтерілуінің өзі инфарктіден өлімге соқтыруды 7 пайызға, инсульттан көз жұмуды 10 пайызға ұлғайтады. «Біз тісінде инфекция бар немесе қызыл иек ауруы болған жағдайда адамдарға ауыз шаятын сұйықтарды пайдаланбауды ұсынамыз», - деді Лондон корольдік университетінен зерттеу авторы Амрита Ахлувалия.
Қан тамырларының толыққанды кеңеюіне қажетті нитрит өндіретін бактерияларды өлтіре отырып, ауыз шаятын сұйықтар ауыз қуысындағы нитриттің өсіп-өнуін 90 пайызға, қанды - 25 пайызға азайтады. «Cондай-ақ «Листерин» тәрізді сұйықтар да ауыз шаюда пайдалы бактерияларға зиянын тигізеді», деп санайды сарапшылар.
«Корсодил» препаратын шығаратын GlaxoSmithKline фармацевтік компаниясы жақын арада өз тұтынушыарына жаңа өнімін - Corsodyl Daily препаратын ұсынбақ, оның құрамында 0,06 пайыз ғана хлоргексидин бар.
Ғалымдардың зерттеуі Free Radical Biology And Medicine журналында жарияланды.