Цех жетекшісі Жанаргүл Жұмағалиеваның айтуынша, отандық өнімге көршілес Ресей, Қытай, Моңғолия елдерінен тапсырыс түсіп жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын ашылған шағын цехта бастапқыда 2-3 адам еңбек етіп, өнімнің 5-6 түрі ғана шығарылса, қазіргі таңда ол 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтыған, қанатын кеңге жая бастаған кәсіпорынға айналып келеді.
- Мен мамандығым бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Сондықтан, кондитерлік цехымызда өндірілетін күлшелерімізді қазақы қалыпта атағанды ұнатамын. Мәселен, «Тақия», «Шаңырақ» деген печеньелер бар. Түр-тұрпатына қарап та атай береміз, - дейді цех жетекшісі.