КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Егіндікөл ауылының тұрғындары ауызсудан ажыратылып, қазіргі уақытта тіршілік нәрі халыққа тасымалданып жеткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі саясат басқармасынан мәлім еткендей, ауызсу құбырларды жоспарлы түрде ауыстыру жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған.
Магистралды су құбырлары ағымдағы жөндеуден өткен соң, сумен қамтамасыз ету жұмыстары толық қалпына келтірілетін болады.
Қазіргі кезде Егіндікөл ауданы орталығының шеткі көшелеріндегі тұрғындарға су сағат сайын тасымалданып жеткізілуде. Халық көп жиналатын қоғамдық орындарда су жеткізу кестесі ілулі тұр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.