Аузына 138 қарындашты сыйдырған жігіт - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал елінде Раджа Тапа атты жігіт тұрады. Ол таяуда аузына 138 қарындашты сыйдырып, рекорд жасады. Естіген кезде ерсі көрінетін мұндай рекорд осыған дейін де жасалған екен. Бірақ, ол кездегі «сыйдырғыштың» рекорды 92 қарындаш болған, деп хабарлайды The Mirror-ға сілтемемен 24.kz.

Жалпы 19 жастағы Тапа естіген адамға ерсі болып көрінетін рекордтар жасағанды ұнатады екен. Енді ол тек ауызына қарындаш тығумен ғана тоқталып қоймақ емес. Күзетші болып жұмыс істейтін Тапа қолы бос кезде көшеде шоулар қойып, ақша табуды көздейді.

«Мен Непал көшелерінің батыры атанғым келеді», - дейді Тапа.