Авиабилеттер құны арзандауы мүмкін - Серік Мұхтыбаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті авиабилеттер құнының арзандауын жоққа шығармайды.

Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифинг барысында Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев мәлім етті.

«Әрине, авиабилеттер құны негізінен коммерциялық мәселе, сондықтан да оны мемлекеттік органдарға емес, авиакомпанияларға жолдаған дұрыс. Дегенмен, билеттегі ең негізгі құн, өкінішке қарай бұл - отын. Ендеше, отынға бағаның жалпылама төмендеу үдерісі аясында біз де билеттер құны арзандауы тиіс деп күтеміз», - деді С. Мұхтыбаев брифинг барысында журналистер сауалына жауап бере отырып.