Авиациялық техника паркі толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери көлік авиациясының паркі  «Антонов - Ан-72» жүк реактивті ұшақтарымен толықтырылды.  Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қанатты көлік Ресей Федерациясы Таганрог қаласы «325 авиациялық жөндеу зауыты» ААҚ-да күрделі жөндеу мен қайта жабдықтаудан өтіп, жексенбіде қазақстандық армия базасына жеткізілді.

Ұшақтың планері мен екі қозғалтқышы күрделі жөндеуден өткізіліп, бұзылған агрегаттары ауыстырылды. Ұшақтардың қақтығысып қалмауын, жердің жақындығын ерте ескерту жүйелері, сондай-ақ спутниктік навигация орнатылды. Сонымен қатар, радиоэлектронды және қону жүйесі жабдықтары орналастырылды. Ұшақ толық жөндеуден өтіп, жер бетінде қызмет етуге арналған құралдар жиынтығымен келіп қонды.

Ан-72 ұшағы ұшып-қону жолағымен арнайы тактикалық міндеттерді атқаруға арналған. Ұшақтың сыртына қарай ұмсына орналасқан қозғалтқыш бөгде заттардың келіп соғылмауына септігін тигізеді әрі оның ыңғайлы ұшып-қонуына ықпал етеді.

Ан-72-нің құрылысы, Т әрпіне ұқсас таянышы бар тұтас металлдан жасалған биіктеу орналасқан қанаты бар моноплан болып табылады. Планердің және оның бүкіл жүйесі ауа райының кез келген қолайсыздығына төзімді болып жасалған.

Ұшақ ҚР ҚК құрылымдарының жинақылығын арттыруға ықпал етеді. Жеті тонна жүкті, жылжитын және жылжымайтын техникамен қоса толық әскери киім киген 68 сарбаз бен 57 парашютпен секірушіні герметикалық салонда тасымалдай алады.