- Транзит бағытына тоқталсақ, Ресей әуежайларының мүмкіндігі шектелгеннен кейін, Түркияның Ыстанбұлы арқылы ұшатындар көбейді. Түркия әлемнің кез келген еліне әуе сапарын қамтамасыз етіп отыр, яғни транзит мүмкіндігін күшейтті, - деді Бекен Сейдахметов.
Оның айтуынша, қазіргі кезде авиация саласына ықпал ететін сыртқы факторлар көбейді.
- Мәселен, жанартау атқылаған кезде рейстер шектеледі. Сонымен қатар қазір Ресей мен Украина арасындағы мәселеге байланысты ұшақтар сол аумақты айналып өтеді. Бұл ретте әуе компанияларының қосымша шығындары, яғни жанармай шығыны артты. Таяу Шығыстағы жағдай да әуе компанияларына кері әсер етті. Дубайға, Қатарға, Иранға бағытталған рейстер тоқтап қалды, - деді басқарма төрағасы.
Сонымен қатар ол қазір әлемде әуе көлігіне арналған жанармай мәселесі қиындап бара жатқанын айтты.
- Сондықтан әлемде билет құнының өсуіне жанармай бағасының ықпалы зор. Мұнымен қоса, кейбір елдердегі қақтығыс салдарынан ұшақ дәліздері өзгеріп, ұшу уақыты да артты. Ресей мен Украина мәселесі тезірек шешілсе, Астана әуежайы арқылы Еуропаға шығатын жол қысқарады, - деді Б. Сейдахметов.
Еске салсақ, Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады.