Австралия 2018 жылғы Әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Австралия 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуден бас тартып, 2022 жылы өтетін турнирға өтініш білдірді.

Бұл туралы ОАР-да болатын әлем чемпионаты алдында Йоханнесбургте өтіп жатқан ФИФА Конгресінде белгілі болды, деп хабарлайды Би-Би-Сидің орыс қызметі.

Осылайша 2018 футболдан әлем чемпионатын өткізуге Ресей, АҚШ, Англия және бірлескен жұптар Нидерланды-Бельгия, Испания-Португалия үміткер болып қалып отыр.