Ерлер арасындағы жалғыз үмітіміз Михаил Кукушкин австриялық Юрген Мельцермен кездеседі. Мельцер 2011 жылы Уимблдон додасында чех Ивента Бенешовамен бірге микст бойынша жеңіске жеткен. Әлемнің 28-ші ракеткасы.
Әйелдер арасындағы сында Ярослава Шведова (жарыстың 28-ші теннисшісі) алғашқы айналымда 18 жастағы неміс Анника Бекпен кездеседі. Бек 2012 жылғы Роллан Гарростың жасөспірімдер арасындағы жекелей сынының жеңімпазы.
Юлия Путинцева америкалық 20 жасар Кристина Макхейлмен жолы түйіседі. Макхейл әлемнің 33-ші ракеткасы.
Галина Воскобоева алғашқы айналымда Винус Уильямспен кездессе, Сесиль Каратанчева қытайлық Ли Наға қарсы тұрмақ. Ксения Первак неміс Мона Бартельмен кортқа шығады.