Австралия дауылы акуланы жол ортасына лақтырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Квинсленд штатының Эр қаласында (Австралия) құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жол ортасынан акула тауып алды.

Дебби дауылы  акуланы жағаға лақтырған. ТЖМ өкілдері азаматтарды аса сақ болуға шақыруда, деп хабарлайды Brisbane Times.

Төменде жарияланған кадрларда акула автокөліктер жүретін жолдың бойында жатыр. Жаяу жүргіншілер оны қолмен сипап көрді. Бақытқа орай, жыртқыш балық еш қауіп төндіретін жағдайда болмады.