Австралия Олимпиаданың екінші алтын медалін ұтты
18:39, 25 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Австралиялық фристайлшы Лидия Лассила шаңғы акробатикасынан өткен турнирде жеңіске жетіп, өз еліне Олимпиада-2010 ойындарында екінші алтын медальді әкелді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ванкувердегі ойындардың ресми сайтына сілтеме жасап.
Финалда Лассила алғашқы өнер көрсетуден кейін екінші орынды иеленген болатын, бірақ екінші секіру оған алтын медаль әкелді. Австралиялық қыз 214,74 баллдық нәтижемен жеңіске жетті.
Күміс және қола жүлделер қытайлық қыздарға бұйырды.