Австралия премьері: жалпыға бірдей сайлау 7 қыркүйекте өтеді

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Австралия үкіметінің басшысы, солшылорталық лейбористік партияның көшбасшысы Кевин Радд 7 қыркүйекте жалпыға бірдей сайлау өткізілетінін жариялады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Алдағы сайлауда оппозиция көшбасшысы консерватор Тони Эббота жеңіске жетуі мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Кевин Радд бір ай жарым бұрын мерзімінен бұрын өткен ішкі партиялық дауыс беруде жеңіске жетіп, премьер-министр Джулия Гилларды алмастырған болатын.