Австралия тарихындағы ең ыстық жаз маусымы аяқталды

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Австралияның бүкіл тарихындағы ең ыстық жаз аяқталды, деп хабарлады Труд.ру.

Австралиялық климатты зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, елдегі орташа температура 28,6 градус болса, Сиднейде термометр бағаны 46 градусқа дейін көтерілді, бұл аптап ыстықтың жаңа рекорды болды.

Қаңтардың бірінші жартысында құрлықтың басым бөлігінде аптап ыстық күшейіп, ол сондай-ақ бірқатар штаттарда ірі өрттердің шығуына себепкер болды.

Синоптиктер егер болашақта атмосфераны газбен ластау жалғаса берсе, күшті ыстық ауа райы қайталануы мүмкін екендігін ескертті.