Австралия тұқы балығына вирус жұқтырып қырып тастамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Ғылым министрі импортталған тұқы балығының құрлықтағы жабайы табиғатқа орны толмас шығын келтіріп, жылына ел экономикасының 500 млн доллар кірістен қағып келгеді деп санайды. Осы балықтың санын 95 пайызға азайту үшін герпес вирусын тарату көзделіп отыр. Бұл туралы The Verge сайты жазады.

Австралияда тұқымен герпес арқылы күресуге 15 млн доллар бөлінген, құрлықтағы өзендерге вирус таяу арада жіберіледі. Вирусты әзірлеуге 7 жыл кеткен, ғалымдар оның құрлықтағы экожүйеге және басқа балықтар мен жануарларға залал келтірмеуіне көз жеткізген.

Вирус тұқы балығына әсер етуі үшін бір апта керек, ол балықтың тері қабығы мен бауырын зақымдайды. Осы сиптомдар пайда болған соң балық бір күннен соң өледі.