Мэд Боган (Mad Bogan) басылымның ақпаратына қарағанда, ол өзінің достарымен бірге шыршаны 14 айдың ішінде жасап шыққан.Оның биіктігі 4,4 метр, ал құрылысына 2,5 мың құты кеткен, деп жазады lenta.ru.
00:09, 03 Желтоқсан 2016
Австралия тұрғыны сыра құтыларынан ерекше рождестволық шырша орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиядағы Перт қаласының тұрғыны кілең сыра құтыларынан ерекше рождестволық шырша орнатты. Бұл туралы бейнекөріністі 7 News Perth басылымы Facebook-тағы өз парақшасында жариялады. Бұл роликті бір тәуліктің ішінде 780 мың рет көрген.