Австралия тұрғыны тышқандарға скейтборд тебуді үйретті. ВИДЕО

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Егер де кішкентайынан үйрете бастаса тышқандарды да скейтборд тебуге үйретуге болады екен.

Австралияның Голд-Коста қаласының тұрғыны Шейн Уиллмот өзінің үйіндегі тышқандарға скейтборд тебуді үйретіпті, деп хабарлайды nur.kz.

«Мен өз тышқандарымды жақсы көремін, оларға кесірін тигізетін әрекетке ешқашан бармас едім. Оларға скейтборд тебуге өздері ынталы. Тышқандарды үйретіп келе жатқан он жыл ішінде бірде біреуі осы жаттығулардан өлген емес», - дейді австралиялық Ш. Уиллмот.