Австралияда зейнетке шығу жасы ресми белгіленбеген. Алайда ер адамдар 65 жастан, әйелдер 60 жастан бастап зейнетке шығуға құқы бар. Аталған жүйе бір ғасырдан астам (1908 жылдан бастап) уақыттан бері жұмыс істеуде.
Австралия билігі мұндай қадамға амалсыздықтан барып отырғандарын атап өтті. «Бұл біздің мемлекеттік бюджетімізді ұзақ мерзімге жоспарлауда айтарлықтай маңызды», - деп мәлімдеді министр Хоки.
Елде жасы ұлғайған адамдар үлесінің артуы айтарлықтай күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Алдағы 30 жылда Австралияда 65 және одан жоғары жастағы азаматтардың саны 3,5-тен 7 миллион адамға дейін өсіп, ел халқының 22 пайызын құрайды деген болжам бар.