деп хабарлайды РБК агенттігі.
Мұндай қатал шешімнің қабылдануына осындағы түйе тұқымының тым көбейіп кетуі себеп болып отыр. Үкімет бағдарламасына сәйкес, аң аулушылар оларды тікұшақтан және машинамен жүріп ататын болады.
Бұл бағдарлама қоғамда өткір пікірталас туғызып отыр. Көпшілік ел бұл шараны адамгершілікке жатпайды деп санап, түйе тұқымын азайтудың басқада жолдарын ұсынуда. Мысалы, жануарларды ұрықсыздыққа ұшырататын дәрілер қосылған жем-шөптер беру туралы ұсыныс жасалуда.
Ойсылқара тұқымдары Австралияға алғаш рет 1840 жылдары әкелінген. Олар колонистерге құрлықты игеруде көмектеседі деген мақсатпен жеткізілген. Содан бері түйелер жаңа мекенді толық жерсініп, 1 миллион басқа дейін көбейіп отыр. Бүгінде олар ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіруде.