Австралия жағалауында теңізге батып кеткен кеменің ішінен 136 адам құтқарылды, 1 адам қаза тапты

None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Үнді мұхитындағы Рождество аралынан солтүстікке қарай суға батып кеткен кеме ішінен 136 адам құтқарылды.

Бұл туралы австралиялық құтқару қызметінің өкілі хабарлады. Кеменің ішінде болған адамдардың нақты саны анықталу үстінде. Айта кетейік, бұған дейін бортта 150 мигрант болғаны жөнінде ақпарат таратылған болатын.

Кеме апатқа ұшыраған жерде құтқару жұмыстары жалғастырылуда. Оған австралиялық құтқару кемелері мен жақын маңда орналасқан сауда кемесі тартылған.

Бірнеше күн бұрын осы маңда Австралия жағасына бағыт алған 90 заңсыз  мигрант мінген кеме апатқа ұшыраған болатын.