Австралияда 9.09.2009 жылы таңғы сағат 9.09-да нәресте дүниеге келді

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қыркүйектің 9-ына сәйкес келген кезекті «сиқырлы» датадан адамдар көп нәрсе күтті. Бірақ та австралиялық ерлі-зайыптылар, дәл осы балалары дүниеге келеді деп ойламаған, деп хабарлайды австралиялық басылымдар.

Қыздары    дүниеге келген  уақытты  есте сақтау  үшін    ерлі-зайыпты Дхаре  және  Судиш  Пательдер  еш қиналмайтын болады.  Себебі  олардың  балалары,  шығыс даналығына  сенсек,   өте сәтті кезде:    2009 жылы     қыркүйектің  9-ы күні  таңғы сағат 9.09-да дүниеге келді.

Нәрестелерін  қыркүйектің  12-сінде күткен     ата-ана  үшін  қыздарының  09.09.09 күні сағат 09.09-да дүниеге келуі   күтпеген  сыйлық  болып отыр.