1989 жылы туылған Қазақстан азаматшасы Сағынай Батырханова Гриффит Университетінің бірінші курсында білім алатын.
Бұл оқиғаға күдікті полиция қолына түсіп, қылмысын мойындаған.
2011 жылдың 3 қазаны күні қылмыскерге қатысты бірінші тыңдалым болды. Сот Тайландтан шыққан қылмыскерді 2011 жылдың 5 желтоқсанына дейін қамауда ұстау туралы шешім қабылдады.
С.Батырханова мен оны өлтірген адамның үш айлық ұлдары бар, қазір сәби Австралияның әлеуметтік қызметтерінің қамқорлығында.
Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі Австралия елшілігіне осы істің толықтай тергелуіне және біздің азаматтарымыздың мүддесінің қорғалуына барынша көмек көрсету туралы ауызша нота жіберді.
3 қазан күні ҚР консулы бірқатар мәселелерді, соның ішінде С.Батырханованың денесін отанына жіберу және де азаматтық некеде дүниеге келген баланың құқықтық мәртебесін анықтау туралы мәселелерді шешу үшін Австралияға келді.
С.Батырханованың анасының өтініші бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі оның қызының денесін Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетеді.