Бұған дейін назарға ілікпеген тіршілік иесін биологтар дене температурасы бойынша анықтап отыр. Австралиялықтар «альфа-акула» атауы берілген акулаға температураны сезінетін арнайы GPS-құрылғысын орнатып, бақылауға алған болатын. Сәл кейінірек осы құрылғы акула шамамен 600 метрлік тереңдікте жүзіп келе жатқанда оның денесінің температурасы 30 градуска көтерілгендігін тіркеген.
Температураның бірден күрт көтерілгендігінен зерттеушілер бақылауға алынған нысанның ендігі уақытта тіршілік кешпейтіндігін түсінген. Ғалымдар температураның күрт көтерілуін акуланың басқа тіршілік иесінің ішіне түсуімен байланыстырып отыр.
Биологтардың сөзіне қарағанда, әдетте ақ акулалармен киттер қоректенеді. Алайда ғалымдар өз жемтігін тұтастан жұтып қоятын жыртқыш теңіз тіршілік иесі жайында естіген емес.