Австралияда әлемдегі ең ұзын велосипед құрастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Аделаида қаласында студент инженерлер әлемдегі ең үлкен велосипедті жасады.

Оның ұзындығы - 41 метр, салмағы - шамамен 3 тонна. Велосипед 20 адамды көтере алады, олар көлікке тағы да бір жарым тонна салмақ қосады.

Шайтан арбаның басқа көліктерден айырмасы жоқ, оның да екі дөңгелегі бар. Сондықтан оны тік қалпында ұстап тұр қиындау. Science Channel жария еткен видео роликте 20 шақты адам велосипедті жүргізбекке тырысқанда бәрі құлап қалған.