Австралияның қоршаған ортаны қорғау агенттігінің маманы Лиза-Энн Гершвиннің айтуынша, ғалымдар алып медузалардың бары туралы біраз уақыттан бері біледі. Алайда, соңғы табылған теңіз жәндігі бұрыннан белгілі медузалардың біріне де ұқсамайды.
Аталмыш медуза табылған кезде өлі болған. Әдетте олар жағаға жақын келмейді. Гершвиннің пайымдауынша, ол цианея тобына жататын медузаның әзірге зерттелмеген түрі.
Соңғы жылдары Тасманияның жағалауында медузалардың көбейіп кеткені байқалады. Осыған орай, ғалымдар жәндіктердің не себепті жағаға тым жақындап кеткенін анықтай алмай отыр.