Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, алып шұңқыр бірнеше көлік пен шатырды жұтып жіберген. Осы төтенше жағдайға байланысты оқиға орнына жедел жеткен полиция мен құтқарушылар 140 адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Шұңқырдың ені - 150, тереңдігі - 3 метр. Квинсленд штатының Парктер мен табиғат жөніндегі қызмет мамандары жағдайды бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар қатерлі аумаққа геотехника инженерлері шақырылған. Олар өңірдегі қауіптілік деңгейін анықтайды, деп жазады 24.кз.
«Біз саяхатта жүргенбіз. Аяқ астынан қазан шұңқырға тап болдық. Ішіне тіпті жүк көлігі түсіп кеткен», - дейді оқиға куәгері Алекс Гловер.