Австралияда қолтырауын ұйықтап жатқан туристің шатырына кіріп кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Питер Розвелл жанұясымен бірге Австралияның солтүстігіндегі Палм-Крик өзенінің жағалауында демалған.

Оның айтуынша, түндердің бірінде ол шатырда аяғын біреу тартқылап жатқандай сезініп, оянып кетті.

Оянған турист аяғынан тістеген, «ұзындығы үш не төрт метрдей» қолтырауынды көрді.

Розвелл қолтырауынның сойдақ тістерінің құрсауынан құтылып, оны өзенге қайта қуып жіберген. Бірақ оның мұны қалай жасағаны хабарланбай отыр.

Қолтырауынның тістеуі туристің өміріне қауіп төндірерліктей болмаған, деп жазды Би-би-си.