Австралияда қолтырауынның 70 басы салынған тоңазытқыш табылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия полициясы қолтырауынның 70 басы салынған мұздатқыш камераның иесін іздеуде, деп хабарлады BBC News.

Оны жасөспірімдер тобы Дурбан қаласында супермаркеттің артындағы жырадан тапқан.

Полицияда теңіз қолтырауындарын аулау браконьерлерге табыс көзі болып отырғандығын мәлімдеді. Оның терісінен аяқ киім, белбеу, сөмке жасайды, ал басын қалдық ретінде лақтырып тастайды.

Браконьерлерді Австралияда қолтырауын аулағаны үшін 76,5 мың доллар айыппұл не бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тоқтатар емес.

Австралиялық теңіз қолтырауындарының ұзындығы жеті метрге, салмағы бір тоннаға жетуі мүмкін. Бұл құрлықта олардың саны 200 мыңға жетеді. Қолтырауындар Австралияда қорғалатын жануарлар тізіміне 1970 жылы енгізілген болатын.