Дәстүр бойынша, жасыл құрлықта тропикалық жемістің маусымы дәл осы сәттен ресми басталады, ал мангоның алғашқы партиясы көптен күткен лот саналады.
Солтүстік Аумақтағы плантациядан жеткізілген мангоның алғашқы жәшігі 30 мың долларға сатылды. Салыстырар болсақ, өткен жылғы аукционда 10 мың доллар артық пайда түскен. Айта кететін жайт, осымен екінші жыл қатарынан «ізгілік жемістерін» Сиднейдегі мейрамханалардың бірінің иесі Питер Куаттровилл сатып алып отыр. Аукционнан түскен барлық қаражат қайырымдылық мақсатқа бөлінеді.