Австралияда мас әкесін үйіне апара жатқан 7 жасар бала тұтқындалды

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Мас австралиялық өзінің жеті жасар ұлына көлікпен үйіне алып баруға рұқсат берген.

Бала мінген автомобиль қараңғыда жарықсыз келе жатқандықтан жол полициясының назарына бірден түскен. Полицейлер рульдегі баланы көріп қатты таңғалды. Баланың әкесінің мас болғаны сонша, тексеру түтігін үрлей де алмады, деп хабарлайды The Australian.

Машинаны бала жүргізгеніне қарамастан, мас күйінде көлік айдады деген айып 41 жасар әкесіне тағылды. Құқық бұзушының соты 3 шілде күні болады. Ал бала жүргізуші оқиға болған жерге Жаңа Оңтүстік Уэльс штатынан келген туысқандарына тапсырылды.