Жабайы мысықтар жыл сайын 316 мың құсты өлтіреді, қауырсындылардың тағы 61 миллионға жуығы үй мысықтарынан ажал табады. Мысықтар өлтіретін құс түрлері 338-ге жетеді, бұл жергілікті австралиялық құс түрлерінің жартысы деген сөз. Соның 71-і жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Мәселен, түнгі тотықұс түрінің жалғыз өкілін адамдар 2015 жылы тамызда көрген. Құстың бұған дейінгі бой көрсетуі соңғы рет 25 жыл бұрын құжатқа тіркелген болатын.
Австралияда мысықтардың құстар әлеміне тигізіп отырған зардабы еуропалықтардың осы материкке алғаш келген кездегі мысық әкелуінен басталған. Аустралия үкіметі мысықтармен күресуге 23 миллион АҚШ долларын бөлді. Маусым айында 69 000 гектар жерде мысықтардан таза аймақ құрылды.