Сот компания австралиялық сатып алушыларды жаңылтты деген қаулы шығарды.
Жарнамаға сәйкес, «Нурофен» дәрісінің түрлері сәйкесінше, бел ауруымен немесе бас ауруынан айықтыруы тиіс. Алайда, шын мәнінде препараттарда ибупрофеннің құрамындағы заттар болған. Атап өту керек, оның құны қарапайым «Нурофен» және өзге де осыған ұқсас дәрілерден екі есе қымбат болды.
Австралияның бәсекелестік және тұтынушылық нарық бойынша комиссиясы наурыз айында сотқа шағымданған. «Нурофеннің» төрт түріне шағым түсті.
Компанияға «Нурофеннің» бұл түрлерін дүкендерден алып тастауына үш ай берілді.
Компанияға айыппұл салу не салмау туралы сот әлі шешкен жоқ.