Австралияда өлген жарқанаттар ауаны ластауда - ВИДЕО

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Қатты ыстық салдарынан Австралияда жарқанаттар қырылуда, деп жазады vesti.ru.

Көлеңкенің өзінде ауа температурасы 40 градустан асатын аптап ыстықтан жарқанаттар ұшып жүрген жерінен құлап жатыр. Олардың көбісі жерге қонып үлгере алмай жан тапсыруда. Санаулы тәулік ішінде Австралияның Квинсленд шататында 100 мыңнан аса жарқанат өлген.Аймақты өлген жарқанаттардан тазарту үшін арнайы бригада шақырылды.