Оқиға Шеппартонға жақын Мельбурннан 200 шақырым жерде орын алды. Полиция өкілінің айтуынша, тоғыз велошабандозды бастап келе жатқан адам кенгуруды көріп, бұрылып үлгергенімен, артында келе жатқандар байқамай қалған.
«Қалғандары кенгуруға соғылып, бірінің артынан бірі құлаған», - деді оқиға орнына жеткен полицейлердің бірі.
Кейбірі жалтарамын деп қарсы бетке шығып келе жатқан көлікке соқтығысқан. Зардап шеккен 50 жастағы ер адам көлік астында қалып, ауыр жарақат алды. Ол Мельбурндағы Альфреда госпитальіне жеткізілді.
Шеппартон полициясының хабарлауынша, таң атып күн шығып келе жатқан кезде жолды байқау қиын болған.