Австралияда парламент сайлауына алдын ала дауыс беру басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда 2 шілдеде өтетін парламент сайлауында қолы тимейтін себепті дауыс бере алмайтын азаматтар бүгіннен бастап дауыс береді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Сейсенбі сайлау орталығында алдын ала дауыс беру учаскелері ашылды.

Алдын ала дауыс беру үшін сайлаушының нақты себептері болуы тиіс. Сол кезде шетелге іссапармен, саяхатқа кету де осындай себептер қатарына жатады. Ол жөнінде сайлау комиссиясының қызметкерлеріне хабарланады.

Еске сала кетсек, соңғы парламент сайлауында алдын ала дауыс беру құқығын елдің 3,7 млн тұрғыны (елдегі сайлаушылардың 27 пайызы) пайдаланған.