Тәртіп сақшылары 44 жастағы австралиялық азаматтың үйіне баса-көктей кіргенде, үйдің артқы ауласында үлкен торайды көріп қалды.
Нашақорлыққа қарсы күрескерлер есірткі дилерінің қарауындағы жануардың тамақтанатын табақшасынан тыйым салынған препараттарды көргенде ерекше таңқалды. Алайда олар «шөпті» табақшадан алмақ болғанда, шошқа жолдарына тұрып, барынша оны бермеуге тырысты.
Ақыры полицейлерге қылмыскердің өзін ғана емес, операцияны жүргізуге кедергі келтірген торайды да ұстауына тура келді, деп хабарлайды Daily Mirror.