Бұл туралы АР хабарлады.
Оған әзірге айып тағылған жоқ. Күдікті жарақаттарына ем алып, ауруханада жатыр. Әйел айғақты дәлел бере бастады.
Кеше Австралияның солтүстігіндегі бір үйден сегіз баланың мүрдесі табылған болатын. Үйге кірген полицейлер пышақталған 18 айлық сәбиден бастап 15 жасқа дейінгі балалардың мүрдесінің үстінен шықты. Сондай-ақ, үйде 34 жастағы әйел болған, жетеуі оның өз баласы, ал бір қыз оның немере сіңлісі деп болжануда.