Австралияда сегіз баласын пышақтап тастаған әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия полициясы Квинсленд штатының Кэрнс қаласына жақын елді мекенде мүрдесі табылған 8 баланың анасын тұтқынға алды, деп хабарлайды Би-би-си.

Әйел балаларды өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Марқұм болған балалардың ең үлкені 15 жаста, ал ең кішкенесі 1,5 жаста болған. Оқиға орнына жеткен полицейлер жан тәсілім еткен 8 бала мен шала-жансар жатқан 34 жастағы әйелді тапқан.

Жаралы әйел қазіргі сәтте ауруханаға жеткізілді. Қылмыскер оны да пышақтап тастаған.