Тергеу амалдары барысында Натали Вуд есімді 80 жастағы әжей 2004 жылы сүрініп құлап, соның салдарынан қаза болғаны анықталды.
Алайда, оның ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағаны туысқандарын таңғалдырмаған. Әжей жақындарымен сирек араласатын адам болып шықты.
Әлеуметтік қызметтер де оның коммуналдық есеп-шоттарды төлемеуі және банктегі шотын пайдаланбауы секілді фактілерден күдіктенбеген. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Натали Вудты «Сидней ұмытып кеткен әйел» деп атап кеткен.