Австралияда үш жасөспірім қыз аттракцион кабинасынан құлады
15:15, 25 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда аттракцион кабинасы шайқалып, үш қыз құлап кетті. Зардап шеккендердің бірінің жамбасы мен қолы сынып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады 9news арнасы.
Оқиға, бүгін жексенбі күні орын алған. Алдын ала дерек бойынша, жасөспірімдер отырған кабина шайқалып кетіп, олардың құлап кетуіне себеп болған.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем өкілінің айтуынша, зардап шеккендердің бірі ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Оның жамбасы мен қолы сынған. Екі қыз баланың қолы мен қабырғалары зақымданған. Олардың жағдай тұрақты деп бағалануда.