Телеарнаның хабарлауынша, қамауда отырған жасөспірімдер бүкіл ғимаратты басып алған. Олар пышақ және тез тұтанатын заттармен қаруланған. Мекеменің екі қызметкері шабуыл барысында зардап шекті.
Бұқаралық ақпарат құралдарында орталықтан ұрыс-керіс, жанжалдың даусы шығып жатқаны айтылған.
SBS телеарнасының хабарлауынша, оқиға орнында кемінде 15 полиция көлігі жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ суреттерде орталықтан түтіннің шығып жатқаны да айқын көрініп тұр.
Фото korrespondent.net сайтынан алынды