Австралияда жолбарыс зообақ қызметкеріне шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбіде Австралияның Квинсленд штатында орналасқан зообақта жолбарыс күтпеген жерден қызметкерге шабуылдады.

Бұл туралы зообақ иесі Терри Ирвин хабарлады.

Ол шұғыл ауруханаға жеткізілген зардап шегушіге еш қауіп төніп тұрмағанын атап өтті. «Қызметкердің де, жолбарыстың да жақсы», - деп жазды Ирвин әлеуметтік желідегі өз парақшасына.

Оның болжамынша, жолбарыстың адамға қарсы шабуылдауына аптап әсер еткен, қатты ыстықтан оның мазасы қашып, жүйкесі сыр берген.

Зообақта қазіргі уақытта үш бенгал, жеті суматран жолбарыстары тіршілік етуде, деп хабарлайды tass.ru.