Австралияда жұмыссыздық деңгейі 13 жыл бұрынғы рекордқа жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия экономикасы күтпеген жерден 2015 жылғы қаңтарда жұмыс орындарын жоғалтты, бұл ретте жұмысссыздық деңгейі 13 жыл бұрынғы жоғары деңгейге дейін жетті. Бұл туралы Австралиялық статистика бюросының деректері көрсетті.

Жұмыспен қамтылған адамдардың саны өткен айда 12,2 мыңға азайды, ал сарапшылар 5 мың жұмыс орны қосылады деп күткен еді, деп хабарлады «Вести Экономика».

Жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайызға артты. Бұл 2002 жылғы тамыздан бергі ең төменгі көрсеткіш, ал күтілген 6,2 пайыздан сәл жоғары.

Жалпы жұмыспен қамту қаңтарда 28,1 мың пайызға төмендеді, ішінара жұмыспен қамту маусымдық түзетілген деректер бойынша 15,9 мыңға артты. Сонымен қатар, толық жұмыс күнін іздеген жұмыссыздар саны 200-ден 551 мыңға дейін, ал толық емес жұмыс күнін іздеген жұмыссыздар саны 34,3 мыңнан 243,4 мыңға ұлғайған.