Австралиядағы радио жүргізушісі жасанды интеллект арқылы жасалған

Фото: Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Австралиялық радиостанцияда хабарды жарты жыл бойы жасанды интеллект арқылы жасалған жүргізуші жүргізіп келген. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұны ешкім байқамаған, деп хабарлайды The Verge.

Workdays with Thy музыкалық шоуы хип-хоп, R& B және поп-музыканың төрт сағаттық миксі және онда Тай (Thy) есімді жергізушінің жасанды интеллект арқылы жасалғаны туралы айтылмайды.

Workdays with Thy бағдарламасы CADA радиостанциясынан эфирге шығады. Оның иесі ARN Media компаниясы Financial Review-ке Тайдың жасаны интеллект арқылы жасалғанын, оның даусы мен келбеті компанияның қаржы бөлімі қызметкері негізінде дайындалғанын растады.

The Carpet-тің хабарлауынша, жүргізушінің дауысын келтіруге ElevenLabs генераторы қолданылған.

Financial Review-тің хабарлауынша, Workdays with Thy шоуы CADA радиостанциясы сайтында 2024 жылдың қарашасында пайда болған және рейтинг бойынша ол кемінде 72 мың адамды қамтиды.

Осыған дейін Ресейде жасанды интеллект арқылы алаяқтар ұсталағны туралы жаздық.