Австралиялық әскери кеме малайзиялық Boeing ұшағын іздестіруді жалғастырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық Ocean Shield әскери кораблі Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде жоғалып кеткен малайзиялық Boeing ұшағының сынықтарын іздестіру аймағын шолып шықпақ.

Бұл туралы АВС телеарнасы хабарлады деп жазады Газета.ру. Корбальден Bluefin-21 автономды су асты аппараты теңізге түсірілмек. АҚШ ВМС капитаны Марк Мэттьюстің айтуынша, іздестіру аймағына жету үшін кемеге үш күн уақыт керек. «Бұл аймақ толықтай тексерілген жоқ, сондықтан ұшақты іздестіру жұмыстарын жалғастырамыз», - деді Мэттьюс. Естеріңізге сала кетейік, Куала-Лумпур-Бейжің бағытына бет алған Boeing 777-200 ұшағы радарлар экранынан 8 наурызға қараған түні жоғалып кеткен болатын. Ұшақ бортында 239 адам болған.