Осындай өрескел қателіктің орын алғандығы арада 2 сағаттай уақыт өткенде белгілі болған.
Аурухана әкімшілігі болса мұндай оқиғаның орын алғандығын программалық жабдықтаудағы шаблондардың өзгертілгендігімен және «адами фактордың» орын алуымен түсіндіреді.
Шындығында емделушілер дін аман, керісінше олар сауығып, ауруханадан шығарылып жатқан. Осы тұста науқастардың шыққандығы туралы хабарлама тарататын қызметкер қателесіп кеткен.
Аурухана басшылығы болған оқиғаға байланысты науқастардан кешірім сұрады. Олар бұл жағдайды түсіністікпен қабыл алды.