«Жігіттер, Головкин келесі қарсыласым болады деген сенімдемін. Мен тағы да қос чемпиондық титулды Австралияға әкелемін», деген Дэниэл Гилдің сөзін келтіреді Tofight.ru сайты. Оның отандасымен кездесуі Сиднейде өтті. Вуд үш рет - бірінші, бесінші және алтыншы раундта нокдаун алды. Төрешілер алтыншы раундтан соң жекпе-жекті тоқтатты. Айта кетер жайт, Дэниэл Гил 26 ақпанда кездесе де алар еді. Бірақ ол бұл жекпе-жек Австралияда көрсетілмейтін болған соң бас тартқан. Сондай-ақ австралиялық қарсыластарының бәрін сыпыра жеңген, 29 кездесудің 26-сын нокаутпен ұтқан қазақстандықпен кездесуден қашпайтындығын атап өтті.
Дегенмен Геннадийдің жаттықтырушысы Абель Санчес 26 ақпандағы жекпе-жек ирландиялық Энди Лимен арада болуы ықтимал деген пікірін білдіріп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.