Австралиялық Браун Руслан Чагаевты нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын тартып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Руслан Чагаев WBA нұсқасы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионатының титулы үшін жекпе-жекте австралиялық Лукас Брауннан жеңіліп қалды.

Алтыншы раундта Чагаев қарсыласын нокдаунға жіберді, алайда оныншы раундта Браун Чагаевқа нокаутпен жауап берді.

Чагаев жекпе-жекті жалғастыруға дайын екенін мәлімдегенімен, төрешілер айқасты тоқтатуға шешім қабылдады.

Осылайша, бірде бір рет ұтылып көрмеген Браун жеңіс топтамасын 24 айқасқа дейін жеткізді (соның 21-і нокаутпен).

Браун енді WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атақтың иесі, британдық Тайсон Фьюримен айқасқа шыға алады.

Чагаев пен Браунның жекпе-жегі Грозныйда өтті.