Австралиялық картоптан фотоаппарат жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық фотограф картопты, консерві қалбырын, пленка ораушын, мата жапсырманы және т.б. пайдаланып қарапайым фото түсіретін құрылғы жасап шықты, деп хабарлайды www.abc.net.au.

«Стеноп» аталатын алғашқы объективсіз фотоаппарат XIX ғасырдың ортасында пайда болған деп саналады. Алайда  «пинхол» аталатын осыған ұқсас құрылғы одан бұрын пайда болуы мүмкін. Стеноптың құрылымында объектив жоқ, ал оның функциясын шағын саңылау орындайды.

Австралиялық фотограф Колин Лоу туыстарымен бәстеседі. Өйткені оның жақындары картоппен фото түсіру мүмкін емес деп баққан.

Колин Лоу бәстен ұтып, қарапайым құрылғы көмегімен өзінің фотосын түсірді.