әлемнің екінші шетінен «Титаник-2»-нің құрылысы басталатындығы туралы хабар жетті. БИ-Би-Сидің хабарлауынша, австралиялық тау-кен магнаты Клайв Палмер өзінің балалық арманын - белгілі мұхит кемесінің нақты көшірмесін құрастыруды шешті.
Миллиардер XXI ғасыр «Титанигінің» құрылысын қытайлық "Джинлинг" /Jinling Shipyard/ кеме құрылысы компаниясына тапсырды. Оның айтуынша, жұмыстар ағымдағы жылдың аяғына қарай басталып, үш жылдан кейін-ақ, яғни 2016 жылы кеме суға түсірілетін болады.
Палмердің жоспарлауынша, жаңа кеме "Харланд энд Вулф" /Harland & Wolff/ компаниясы құрастырып, солтүстік ирландиялық Белфастта жарты ғасырдан астам уақыт бұрын суға түсірілген «Титаникке» айнымастай ұқсайтын болады. Дегенмен, «Титаниктің» қайғылы тағдырын еске отырып, жаңа нұсқадағы бұл жолаушылар кемесін заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету шешілді.
«Кеменің іші навигация жүйесімен және техниканың ең соңғы жаңалықтары бойынша жабдықталады», - деп сендірді байлығы шамамен 6 млрд. долларға бағаланатын 58 жастағы кәсіпкер.